«Діни экстремизм мен терроризм»

2021 жылдың 11 қарашасында Жаратылыстану факультетінің  «Биология мамандығының 4 курс білімгерлерімен топ кураторы, оқытушы – дәріскер А.М.Атабаева – «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: Білімгерлерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның  түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта  арандатуға жол бермеу, жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Терроризмнің бетін ары қылып, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болып, әр кез бейбітшіліктің таңы атсын деп тілейміз.