ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІНДЕГІ КӨРМЕ!

2021 жылдың 12 қараша күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының 2021 жылдың републикалық есептік көрмесінің ашылуы өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрмеде Қазақстан суретшілерінің соңғы екі жылда орындаған туындыларын ұсынды. Экспозицияда 120-дан астам авторлардың 200-ге жуық туындылары қойылған, соның ішінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері Б.Ахметовтың «Айша Ғалымбаеваның портреті. Суретші шеберханасы», «Ыдрышева Әлихан Оразғалиқызы. Қазақстанның театр және кино актрисасы» атты туындылары ұсынылды.