Өзгерісті өзіңнен баста

2021 жылдың 11 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Құқық  және экономика факультетінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің парасаттылық»  клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Өзгерісті өзіңнен баста» атты тақырыпта онлайн шара өтті. Онлайн шараға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі  Е.Ж. Беисовтың қатысуымен өтті. Негізгі мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті білімгерлер ортасында қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, студенттердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болды. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары көрсетіліп, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мониторинг дереккөздері және жемқорлыққа жол бермеу мақсатында бейнероликпен бөлісті.