Жемқорлық – қоғам дерті

Университетте 2021-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын іс-шаралар аясында «Саналы Ұрпақ» жобалық кеңсесі І. Жансүгірова атындағы Жетісу университеті колледжінің ғимаратында орналасқан «Сыбайлас жемқорлық – қоғам ауруы» тақырыбында TEDx форматында кездесу өткізді, оған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы, «Саналы Ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы Беисов Ербол Жаксыбекович және Жетісу университеті «Zhansugurov College»колледжінің студенттері қатысты. Достық кездесу аясында сыбайлас жемқорлық құбылыстарының пайда болу мәселелері және олардың оқу процесіне де, әрбір азаматтың өміріне де теріс әсері талқыланды.