Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында «Құқық және экономика» факультетінде «Саналы Ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Парасаттылық» клубымен бірлесіп «Жемқорлықсыз болашақ»атты плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Студенттер ұсынған плакаттар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсетті. «Саналы Ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ербол Жақсыбекұлы Бейісов студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастырудағы осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.