«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану факультеті жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасыныңбиология мамандығының 3 курс 311 топ білімгерлері мен топ кураторы Маусумбаева Аида Макеновна «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізу мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу. Тәрбие сағаты барысында білімгерлер сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет алып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастырып және де әр жеке тұлға өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және болашақ ұрпақты әділдікке тәрбиелеу қажеттігін жете түсініп, жемқорлыққа қарсы қоғамдық сана қалыптастыра білді.

Осыған орай, болашақ жастар өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, болашақта адал ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді деген сенімдеміз!