СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

         І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында 2021 жылғы 10 қазаннан бастап «Шетел тілдері және аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттеріне «Екінші шетел тілі В1 (Түрік тілі)» курсы және «Филологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін «Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы» өтуде. Курсты Түркия мемлекеті, Нийде Омер Халисдемир университеті түрік тілі және әдебиеті кафедрасының докторы (PhD) Ердинч Демирай жүргізуде. Академиялық ұтқырлық бойынша дәріс 10 желтоқсанға дейін жалғасын табады.