Қазіргі заманның озық мамандықтарының бірі Ақпараттық жүйелер мамандығында білім алып жатқан «Zhansugurov college» студенті Сапар Сұлтан «Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауына қатысып, жеңіске жетті

Қазіргі заманның озық мамандықтарының бірі Ақпараттық жүйелер мамандығында білім алып жатқан «Zhansugurov college» студенті Сапар Сұлтан «Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауына қатысып, жеңіске жетті.
Бала кезінен зерек болып өскен Сұлтан қоғамдық шаралардың барлығына белсенді ат салысатын. Қазіргі таңда колледж қабырғасында да осы ұстанымды берік ұстануда. Онлайн өткен Республикалық жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпазы. Қалалық, Облыстық, Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияларда мақалаларды үнемі жариялап тұрады. «Enactus Kazakhstan National Expo 2021» лигасында 3-ші орынға ие болып, “Astana-Hub” бағдарламасын толық аяқтады. «KAZ ENERGY» сынды Республикалық жобалар байқауында «Zhansugurov college» – нің «Жас ғалымдар» құрамында өнер көрсетіп, үздік нәтижеге қол жеткізді, өз жобаларын ұсынды. І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті «Startup» жобалар байқауының жеңімпазы. «Zhansugurov college» – нің Cтартап академиясының капитаны және IT – инновациялық жобалар маманы. «Student Energy Challenge – Junior» Республикалық жобалар байқауы грантының иегері атанды.
Атап айта кетсек, «Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті» 200-ден астам студент өз бақтарын сынады. 1-15 қараша аралығында онлайн-дауыс беру арқылы өткен аталмыш жарыстың қорытындысы негізінде Сапар Сұлтан алға суырылып шықты.