2021 жылдың 18 қарашасында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Zhansugurov College» бірігіп «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» атты тақырыпта Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтой аясында ұлттың жаңару мен жаңғыруға байланысты қазақ ғылымы мен мәдениетінің негізін салудағы атқарған қызметі мен мұрасын насихаттау арқылы оқыту үрдісінде қолдану жолдарын қарастыру мақсатында республикалық ғылыми – тәжірибелік онлайн конференция өткізді.

Алғашқы сөз кезегі І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің «Zhansugurov College» директорына беріліп, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мальтекбасов Марат Жабыкбайұлы республикалық деңгейде өтіп отырған конферцияның маңыздылығын атап көрсетті.
Конференцияның пленарлық отырысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің профессоры, ф.ғ.к. Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, ф.ғ.к. Серікбай Оспанұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің «Zhansugurov College» қауымдастырылған профессор п.ғ.к. Ансабаев Дүйсен Сандыбаевич, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің «Zhansugurov College» Филология ғылымдарының кандидаты Чалтикенова Лазат Аляхиметовналар баяндама жасап, заманауи филология саласындағы зерттеулерді тілге тиек етіп, ғұлама ғалымның толағай еңбектері жөнінде өз пікірлерін білдірді.