Білімнің салтанат құруы – басым бағыт

2021 жылдың 16 қарашасы күні  Жаратылыстану факультетінің 4 курс БҚ 411, БПҚ 411 топ білімгерлері мен оқытушы-дәріскер А.Атабаева Рухани жаңғыру аясында «Білімнің салтанат құруы – басым бағыт» тақырыбында онлайн форматта дәріс өткізді.

Қазіргі таңда тәуелсіздігін алған, зайырлы елдің болашағы – өскелеңжас ұрпақтың сананың толығымен білімге деген құштарлығында деп айтуға болады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымымен, яғни, ертеңгі күннің болашағы білімді, елінің құндылықтарына сүйіспеншілікпен таңдай қақтыратын жастарды ауадай қажет ететіндігі сөзсіз түсінікті. Бүгінде, елдің болашағының бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғап, игі мақсаттарды анықтап, оған бастар жолды саралай алған адамның ғана болашағында жарқын білімді, елін сүйетін, көзі ашық азаматтың ғана болашағы зор болмақ. Дегенмен, білімнің дамуы мен салтанат құруы жалпыға бірдей ортақ болуы шарт.

Қорыта айтқанда, қазіргі заманда білімнің асқақтап, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасу үшін әрине болашаққа зер салып, келешекке ұмтылу қажет.