«Студенттік қызық мол жылдар» атты мерекелік кеш өтті

17.11.2021 ж. Халықаралық студенттер күніне орай университетімізде атаулы мерекеге орай салтанатты іс-шара өткізілді. Университет қабырғасында білім алып, қоғамдық өмірді қатар алып жүрген белсенді студенттерді Басқарма Төрағасы-Ректордың 32 студентті қаржылай сыйақымен, белсенді қоғамдық қызметі үшін төсбелгісімен және біршама студент алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілі, «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы басшысы, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының басшылары құрметті қонақ ретінде шақырылып, университеттің белсенді білімгерлеріне өз бағыттары бойынша алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.