«Суицидтің алдын алу»

2021 жылдың 17 қарашасында Жаратылыстану факультетінде «География-тарих» мамандығының 2 курс  білімгерлерімен топ кураторы, оқытушы-дәріскер С.М.Дюсембинова–Әлеуметтік-психологиялық тәрбие модулі бойынша «Суицидтің алдын алу» тақырыбында тәрбиеіс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Білімгерлерге суицид туралы ұғымының мәнін түсіндіре отырып, адам өмірінің қымбат екендігін зерделету, жаман ойларға, сыртқы әсерлерге берілмеу керектігін ұғындыру. Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу – жақсылықтың нышаны екенін ұғындыру.