«Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және Алаш қозғалысының Тәуелсіздік жолындағы күресі»

         2021 жылдың 17 қараша күні оқытушы-дәріскер, т.ғ.к. Е.О. Буланов гуманитарлық факультеттің оқытушылары мен білімгерлеріне «Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және Алаш қозғалысының Тәуелсіздік жолындағы күресі» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріс барысында патшалы Ресей тұсындағы және кеңестік кезеңдегі ұлттық саяси элитаның,  оның құрамдас бөлігі болған Алаш қозғалысының Тәуелсіздік үшін жүргізген саяси күрестері баяндалды. Еліміздің ертеңі саналатын білімгерлерге халқымыз үшін ең қасиетті ұғым – Тәуелсіздік қандай жолмен келді, оның баянды болуы білімді, ана тілі мен тарихын қадірлейтін жастардың қолында екендігі атап өтілді.