«Шетелдегі Қазақстандық білім күндері»

2021 жылғы 21 қарашада Қырғызстан Республикасында (Бішкек қ.) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырған «Шетелдегі Қазақстандық білім күндері» көрмесі өтті. Ілиясов Жансүгіров атындағы Жетісу университеті өзінің имидждік өнімін, үлестірме материалдарын ұсынды, сондай-ақ Қырғызстан Республикасының талапкерлеріне университеттің презентациясы мен проморолигі көрсетілді. Іс-шара барысында көпшілік Жетісу университетіне түсуге ниет білдіріп, университеттің координаттарын, байланыстарын және университеттің ресми сайтын алды.