24.11.2021 «Zhansugurov collegе» – де физика пәнінің оқытушысы Кусаинова Д.Ж. 107-Шбқ тобымен «Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы» атты ашық сабақ өткізді.

24.11.2021 «Zhansugurov collegе» – де физика пәнінің оқытушысы Кусаинова Д.Ж. 107-Шбқ тобымен «Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы» атты ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақ түсіндіру барысында оқытушы қоңырауды – дыбыс көзі ретінде алып, дыбыс толқындарының пайда болуын және таралу жолдарын көрсетті. Тақырыпты ашу кезінде Динара Жанатовна өмірден көп мысалдар келтіріп, студенттердің танымдық қызығушылығын арттыра білді.
Білімалушыларды бағалау мақсатында «Сәйкестендіру», «Артығын алып таста» тапсырмалары мен тест сұрақтары берілді. Студенттер бағалау парақтарында өзін-өзі нәтижелі бағалай білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.