22-нен 24 қараша 2021 жыл аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық офисі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімі бірлесіп «ECTS талаптарына сәйкес білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында оқыту-тренингін ұйымдастырды. Оқыту-тренингіне университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Спикерлер М.А.Шмидт пен К.Н.Ахмедиева оқыту-тренингін жүргізу барысында қатысушыларды ECTS талаптарына сәйкес білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеудің негізгі мазмұны мен бағыттары, ережелері және талаптарымен таныстырды.







