Академиялық ұтқырлық мәселесінің жүзеге асырылуы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің шақыртуымен сыртқы академиялық ұтқырлық аясында 01.11.2021 – 29.11.2021 ж.  аралығында Near East университетінен (Турция, Солтүстік Кипр, Никосия қ.) педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хусейн Узунбойлу 7М01301-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарына «Basics of training future specialists to develop the spirituality of primary school students in the educational process», «Interactive methods in higher educational institutions» пәндері бойынша дәріс жүргізді.

Профессор Хусейн Узунбойлумен педагогика және психология факультетінің деканы К.Т. Ыбыраимжанов, білім беру бағдарламасының жетекшісі Р.О. Асылова, ғылым және тәрбие жұмысы жөніндегі координатор Г.С. Майлыбаева әріптестік қарым-қатынас орнатты.  

«Жаңартылған білім мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» гранттық жоба аясында Хусейн Узунбойлумен коллаборация бойынша келісім-шарт жасалынған.

8D01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының докторанттарына шетелдік кеңесші ретінде профессор Хусейн Узунбойлу бекітілген. PhD Г.С. Майлыбаева, докторант                          А.Б. Даникеева, магистрант А.К. Исабековалар Хусейн Узунбойлумен авторлық бірлестікте «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында педагогтың кәсібилігін дамыту жолдары» атты оқу құралын баспаға ұсынды.                 А.Д. Ансабаева, Л.В. Мардахаев, Г.С. Майлыбаева авторлық бірлестікте әзірленген «Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу үдерісінде ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» атты оқу құралына Хусейн Узунбойлу оң пікірін беріп, баспаға ұсынылды.

Педагогика және психология факультеті профессор-оқытушылар құрамына Scopus базасына мақала беру және рәсімдеу мәселелері бойынша семинар жүргізді.

Хусейн Узунбойлу ізденуші-докторант Г.К. Есполованың докторлық диссертациясын кеңейтілген академиялық кеңесте талдау жұмысына шетелдік ғылыми кеңесші ретінде қатысып, оң пікірін берді.