«Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі»

2021 жылдың қараша айының 25 күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаратылыстану факультетінің 6В01507 «Химия-биология» және 6В01506 «Химия» мамандықтарының 3 курс білімгерлерінің және топ кураторы Құрманғажы Гүлнарханның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» аясында «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» кураторлық сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: білімгерлердің салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету, сонымен қатар қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, еліміз үшін еңбек етуге тәрбиелеу.