25 қараша күні «Zhansugurov collegе» – де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Абильмажинова А.К. 202-Бқ тобымен «Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы» пәні бойынша «Өтірік өлең, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

25 қараша күні «Zhansugurov collegе» – де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Абильмажинова А.К. 202-Бқ тобымен «Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы» пәні бойынша «Өтірік өлең, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақты түсіну үшін үлестірме парақтардың көмегімен білімгерлер бір-біріне өтірік өлең, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ туралы, олардың балалардың бойында қалыптастыратын өмірге қажетті дағдылары жайлы айтты.
Сабақ тақырыбына сай білімі мен біліктілігін қалыптастыруға ықпал ету үшін LearningApps.org платформасында жұмбақтың жауабы жасырылған сөзжұмбақты шешті, «Сәйкесін тап!» әдісі бойынша санамақта түсіріліп қалған сөздің орнына қажетті суретті қойды. Ұяшықтарға жасырылған суреттермен өтірік өлең құрстырды. Меңгерген білімдерінің деңгейін білу үшін Quizizz платформасында тест тапсырмасын орындады.