26 қарашада «Zhansugurov College» -нің арнайы пәндер апталығының жоспары бойынша Еуразиялық туризм қауымдастығының Атқарушы директоры – Есеналиева Айгерим Ериковна және «Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының, «Жартасқа өрмелеу және Туристік көпсайыс» үйірмесінің жетекшісі Мұрат Ертай қосымша білім беру педагогы өкілдерімен 307 ТҚ туризм мамандығының студенттері арасында кездесу өтті.

Еуразиялық туризм қауымдастығының Атқарушы директоры – Есеналиева Айгерим Ериковна, Қазақстандағы туризм индустриясының қатысушыларын біріктіру мақсатында құрылғанын және қауымдастық туроператорларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды, көрікті жерлерді, оқу орындарын, авиакомпанияларды, емдік-сауықтыру мекемелерді, сауда үйлерін, Қазақстан қауымдастықтарын және болашақта Орталық Азия елдерін біріктіру көзделуде екендігін айтты.
«Жартасқа өрмелеу және Туристік көпсайыс» үйірмесінің жетекшісі Мұрат Ертай, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының бағыттарымен таныстыра отырып бейнематериал қосып өткізген және өткізіліп жатқан жарыстар, іс-шаралармен таныстырды. Туризм саласындағы маман иелері студенттерді өздерінің жұмыс істеу ерекшелігімен таныстырып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Кездесу нәтижесінде маман иелері аталған мекемелерде тәжірибеден өтуге, өзідерін таныта білген студенттерге, сол мекемеде ары қарай жұмыс жасау мүмкіндігі бар екендігі жайлы айта кетті.
Туризм пәндерінің оқытушысы Октябрь Алемгульдің айтуынша, мұндай әріптестік студенттердің кәсіби салада тәжірибе жинақтауға, өзінің мамандығы бойынша алға ілгерілеуге үлкен мүмкіндік болып табылады.