2021 жылдың 26 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану факультеті білімгерлері арасында «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» студенттік клубының ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты білімгерлердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу және студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету
Тәрбиелік іс-шараға «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі Беисов Ербол Жаксыбекович, Жаратылыстану факультетінің деканы Назым Жанатбекқызы, Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі оқытушы-дәріскері педагогика ғылымдарының магистрі Онгарбаева Слушаш Сабитовна қатысты
Тәрбиелік іс-шара білімгерлер арасында команла бойынша сайыс түрінде өтті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең: Сыбайлас жемқорлық және оны болдырмау туралы көрініс;
2 кезең: Мақал-мәтелдер сайысы;
3 кезең: «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында суреттер көрмесі.
Үш кезең нәтижесінде білімгерлер келесі жүлделі орындарға ие болды. I-орын «Адал ұрпақ 211 ХБҚ топ білмгерлері. II-орын «3 GGG» МҚ 111, МПҚ 111 топ білімгерлері. III-орын «Ақиқат» БПҚ 211 топ білімгерлері. Іс-шара соңында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі Беисов Ербол Жаксыбекович, Жаратылыстану факультетінің деканы Назым Жанатбекқызы білімгерлерге жемқорлыққа жоламау және одан аулақ болу керектігін мәлімдеді.





