Академиялық ұтқырлық мәселесінің жүзеге асырылуы

ҚР БҒМ «Шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында 2021 жылғы 01-30 қараша аралығында Даугавпилс университетінің (Латвия) қауымдастырылған профессоры Светлана Игнатьева Валентиновна 7М01501 – Математика БББ «Methods of teaching professionally-oriented foreign language» және 7М01502 – Физика БББ 2 курс магистранттарына «Problems and prospects of teaching physics in English» пәндері бойынша дәрістер оқыды.

Жаратылыстану факультеті көптеген жылдар бойы қауымдастырылған профессор Игнатьева Светланамен ынтымақтасып жұмыс жүргізіп келеді. Светлана Валентиновна 8D01502-Физика БББ бойынша докторант – Нұрғалиева Динара (2 курс) докторлық диссертациясының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылады. Сонымен қатар, 7М01501-Математика БББ магистранты Осипова Екатерина мен 7М01502-Физика БББ магистранты Сакбаев Бауржанның магистрлік диссертациялары бойынша бірлескен жетекші болып табылады.

С.В. Игнатьеваның жетекшілігімен 2 курс магистрантары «Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы 2021» XXXIII халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

2021 жылдың 2-16 қараша аралығында жаратылыстану факультетінде қауымдастырылған профессор Светлана Игнатьева «Использование количественных методов обработки информации в профессиональной и научной деятельности преподавателей» тақырыбында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған семинар өткізді.

Семинарда ақпаратты жинау және сандық өңдеу процесінің өзекті мәселелері, деректерді өңдеу әдістемесі және интерпретациялау, педагогикалық эксперименттер, жаппай әлеуметтік сауалнамалар, сараптамалық сауалнамалар, ғылыми зерттеулердің эмпирикалық бөліктері талқыланды.