М. Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Химия-Биология мамандығының 2 курс білімгерлері мен кураторы Укушева Т.К. 2021 жылдың 25 қарашасында Талдықорған қаласындағы  М. Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мақсаты: тарихи-өлкетану мұражайы (музейі) жайлы және  тарихшы-өлкетанушы Мұхаметжан Тынышпаев туралы түсінік беру; білімгерлер ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; олардың бойына ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Музей қорында Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталған. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауыл шаруашылығының дамуына күш салып, тер төккен еңбеккерлер т.б. ардақты жерлес тұлғалардың жеке заттары, құжаттарын тамашаладық. Алматы облысының бүгінгі жағдайы, экономикасы, мәдениеті, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге байланысты заттар  жиналуда. Білімгерлер әр нәрсеге мән бере,  көзбен көру арқылы танып білуге деген ынтасы артып, өзара сөйлесіп, алған әсерлерін сол сәтте-ақ білдіріп жатты.