«Салауатты өмір салты»

Жаратылыстану факультеті жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының биология мамандығының 4 курс 411 топ білімгерлері мен топ кураторы Атабаева Айнур муратовна «Салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Білімгерлердің бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау. Білімгерлер Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіңдер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын құрайтын жастар болып өсе беріңдер.