1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні

24.11.2021 жылы Жаратылыстану факультетінде куратор Укушева Т.К.  «Биология» мамандығының 2 курс білімгерлерімен «1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні» атты онлайн кездесу өткізді. Мақсаты: Білімгерлерді Қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел – жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.