Академиялық адалдық

30.11.2021 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі С.Оңғарбаеваның ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара шеңберінде дене шынықтыру және спорт, музыкалық білім беру бағдарламаларының 2 курс білімгерлері білім берудегі шыншылдық, сенім мен құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелерін талқылады. Іс-шараға университеттің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің төрағасы Е. Беисов қатысты.