«ТІЛІ БАСҚА – ТІЛЕГІ БІР»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тілі басқа – тілегі бір» атты мерекелік кеш өтті. Қазақ – әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел. Осындай ыстық ықыласты көрсету мақсатында салтанатты шараны гуманитарлық факультет, Шет тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламасы ұйымдастырған.

Өнерлі білімгерлер қытай, кәріс, неміс және түрік халықтарының тек өзіне тән ерекшеліктерін әнмен, бимен көрсетті. Қойылымдарынан тамыры тереңге сіңген тәрбие һәм қонақжайлылықтың лебі еседі.

Тіл апталығы концерттік бағдарлама барысында тамаша киім үлгісі мен дәмі тіл үйірер ұлттық ас та көрсетілді. Бір жағынан тілді жаттықтыру болса, екінші жағынан көрермен қауымға керемет көңіл-күй сыйлағаны хақ. Ал, фестиваль қатысушылары арнайы номинациялармен, алғыс хаттармен марапатталды.