03.12.2021 жылы «Zhansugurov college» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай педагогика және психология пәнінің оқытушысы Нурлыбаева Шырай Манатқызы және 211 АЖқ тобының ұйымдастыруымен «Тарихты өрнектеген 30 жыл» атты Brain Ring зияткерлік ойыны өтті.

03.12.2021 жылы «Zhansugurov college» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай педагогика және психология пәнінің оқытушысы Нурлыбаева Шырай Манатқызы және 211 АЖқ тобының ұйымдастыруымен «Тарихты өрнектеген 30 жыл» атты Brain Ring зияткерлік ойыны өтті. Ойынға жалпы 7 команда қатысып, бақтарын сынады. 30 жыл көлемінде орын алған оқиғалар мен қазақ ақын-жазушылары жайында сұрақтар қойылды.
Аталмыш байқауда жүлделі 1 орынды 109 Ққ тобы, 2 орынды 105 Бқ тобының «Талапкер» командасы иеленсе, 3 орынды 108 РяЛ тобының «Таңба» командасы қанжығасына байлап, дипломдармен марапатталды. Ал, жарыс барысында 122Бқ, 107 ШБқ, 123 ШБқ және 102 ДТқ, 105 Бқ топтарына танытқан белсенділіктері үшін алғыс хаттар табысталды!
Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтап, алғысымызды білдіреміз!