ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылдың 8 қаңтарында жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының ПОҚ «Химия», «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері арасында педагогикалық практикадан өту тәртібін түсіндіру бойынша бастапқы конференция өткізді. Конференцияда практикадан өтудің мақсаты мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді, практикадан өту кезінде болашақ мамандар тап болуы мүмкін негізгі проблемалар талқыланды. Конференцияға тәжірибе жетекшілері С.Сыдықбаева, Ж.Иманғазинова, Г.Құрманғажы, Л.Ыбраимжанова, С.Маманова қатысты. Конференция барысында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.