Студенттермен онлайн кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «SANALY URPAQ» жобалық офисінің ұйымдастыруымен «Таза сессия», «Адал бол», «Абыройлы ұстаз» тақырыптарында студенттермен онлайн кездесу өтті. Аталған іс-шара студенттердің қысқы емтихан сессиясын тапсыру алдында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілді. Оған құқық және экономика, гуманитарлық, жаратылыстану факультетінің студенттері қатысты. Шара барысында мамандар қоғам дертімен күрес жүргізудің жолдарын түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.