Тәуелсіздік және тарих тағылымы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік  және тарих тағылымы»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.    

             Дөңгелек үстел жұмысы Басқарма мүшесі – Жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к., профессор Б.Сериевтің кіріспе сөзімен басталды. Модератор, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының  аға ғылыми қызметкері К.Аликенова іс-шараның мақсатымен таныстырды.

             Спикерлер ф.ғ.д., профессор Қасабек А., т.ғ.к.  Сантаева К., т.ғ.к. Буланов Е., ф.ғ.к. Тойматаев Д., т.ғ.к. Тлеубекова Г., магистр Абдильдинова Л. өз баяндамаларында Еліміздің егемендікке қалай қол жеткізгені туралы тереңінен толғап, Қазақстанның 30 жылдағы даму жолы мен жетістіктерін тарихи тұрғыдан талдап, Тәуелсіздік пен мемлекеттілік құндылықтардың маңыздылығын жастар санасында нығайтуға ерекше назар аударды.