Мерекелік іс-шара

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»  атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынды техникалық факультеті мен  Ғ.Орманов атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырды.  Ондағы мақсат жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімін арттыру. Шара барысында еліміздің баға жетпес байлығы Тәуелсіздік жайлы, 30 жылда жеткен жетістіктері айтылды.