Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

2021 жылы 08 желтоқсанда 7М01502 – Физика, 7М01501 – Математика білім беру бағдарламаларының магистранттарына  педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ә.Ә.Ақжолова және педагогикалық практикаға жауапты оқытушылар Д.А.Турсынбаева мен К.Б.Ескендировтың жетекшілігімен өткізілді. Конференция барысында магистранттар бакалавриатқа сабақ беру процесі мен сабақ кезінде қолданылған заманауи оқу технологияларының ерекшеліктерін презентация арқылы көрсетті. Соңында магистранттардың есептері бойынша комиссия мүшелерінің қорытынды бағалары айтылды.