Түлектермен кездесу

09.12.2021 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінде 4 курс студенттері және Алматы облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.  Кадр қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Е.Шалбаев ішкі істер қатарына  жұмысқа қабылдау ережелерін түсіндірді, сондай-ақ полиция подполковнигі А.Мухамадиева және «СОБР» жедел әрекет ету қызметінің қызметкері капитан О. Құрманғалиев сөз сөйледі. Ішкі істер департаменті қызметкерлері түлектер қойған барлық сұрақтарға жауап берді. Бұл кездесуді ҚР ІІМ ардагері мандаттық комиссия мүшесі полиция полковнигі Б.Молдабековтың көмегімен  дене шынықтыру және өнер факультеті ұйымдастырды.