Ғылыми семинар

2021 жылдың 6 желтоқсан күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жаратылыстану факультетінің Жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламсындажоспарлы ғылыми семинардың кезекті отырысы өткізілді.

Семинар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  арналып, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өтті.

Ғылыми семинарда оқытушы–дәріскер Б.С.Керімбайдың «Шарын өзені алабы геожүйелерінің дамуының динамикалық тенденциялары» тақырыбымен мемлекеттік грант  аясында жүргізген  ғылыми-зерттеу жұмысының презентациясы тыңдалды.

Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі XX ғасырдың басынан бергі ғаламдық климаттың жылынуының, және соңғы 30 жылдағы Қазақстан Республикасындағы адамның шаруашылық әс-әрекеттерінің өзгеруінің Шарын өзені алабы геожүйелерінің динамикасына әсерімен  байланысты. Зерттеу жұмысы Жерді қашықтықтан зондылау, сандық платформаның ғарыштық мониторингі, ГАЖ технологиясы, картографиялау және далалық ландшафттық зерттеу жұмыстары әдістерін қолдана отырып жүргізілген.