Ғылыми іс-сапар

2021 жылдың 21-25 қараша аралығында «Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша ғылыми жоба аясында университеттің ғылыми қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетіне іс-сапармен барып қайтты.

Іс-сапар мақсаты педагогтарды қашықтықтан оқытуда қолданылатын платформалар, технологиялармен таныстыру және тәжірибе алмасу. Іс-сапар барысында жобаның ғылыми қызметкерлері Қазақ технология және бизнес университеті, технология факультетінің ақпараттық технологиялар кафедрасында семинар өткізді. Семинарға ақпараттық технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.