Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «ZHANSUGUROV COLLEGE» -нің оқытушылары Макеева К.,Сулейменова А.,және Жәркенова А. ұйымдастыруымен 2021 жылдың 09 желтоқсан күні «Тіл шебері» қалалық байқауы өтті.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «ZHANSUGUROV COLLEGE» -нің оқытушылары Макеева К.,Сулейменова А.,және Жәркенова А. ұйымдастыруымен 2021 жылдың 09 желтоқсан күні «Тіл шебері» қалалық байқауы өтті.
Байқау үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға үш тілді жетік меңгерген 15-22 жас аралығындағы қалалық колледждердің студенттері қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1) «Сөзтаным» – берілген сөйлемдерден көнерген сөзді табу;
2) «Ойтаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру;​
3) «Елтаным» – еліміз туралы сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру .
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген сыйлықтармен марапатталды.