І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Стресске төзімділік — психологиялық саулықтың кепілі» тақырыбында лекция-пресс-конференция өтті. Шараны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің бас әдіскері К.Н.Ахмедиева ұйымдастырды.
Лекция-пресс-конференцияға Дінтанушы, республикалық ақпарат тарату тобының мүшесі Мутебаев Қанат Маратұлы, Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Динара Қыдыкенова және «Шет тілі: екі шет тілі», «Педагогика және психология» мамандығының 4-ші курс білімгерлері қатысты.
Лекция-пресс-конференцияның спикерлері білімгерлердің психологиялық саулықтарын сақтау және нығайтуға қажеттіліктерін қалыптастыру жайлы әңгімелеп, білімгерлердің сұрақтарына жауап берді.