Лекция-пресс-конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Стресске төзімділік – психологиялық саулықтың кепілі» тақырыбында лекция-пресс-конференция өтті. Шараны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің бас әдіскері К.Н.Ахмедиева ұйымдастырды.

Лекция-пресс-конференцияға Дінтанушы, республикалық ақпарат тарату тобының  мүшесі  Мутебаев Қанат Маратұлы,  Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Динара Қыдыкенова және  «Шет тілі: екі шет тілі», «Педагогика және психология» мамандығының 4-ші курс білімгерлері қатысты.

Лекция-пресс-конференцияның спикерлері білімгерлердің психологиялық саулықтарын сақтау және нығайтуға қажеттіліктерін қалыптастыру  жайлы әңгімелеп, білімгерлердің сұрақтарына жауап берді.