«Қызықты биология»

Қазақстан мемлекетінің экономикалық әлеуетін көтеретін білімді жастарды тәрбиелеу мақсатындаІ.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану факультеті жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ топ кураторы Маусумбаева Аида Макеновнаның жетекшілігімен  биология мамандығының 3 курс 311 топ білімгерлері «Қызықы биология» тақырыбында олимпиада өткізді.

Олимпиада барысында білімгерлер «Серотонин», «Ақиқат», «Давинчи»топтарына бөлінді. Сонымен қатар, талап бойынша таныстыру, «Менен – сұрақ, сізден жылдам жауап», биологиялық макет бөлшектерін құрастыру және алтын ұяшық кезеңдері бойынша тапсырмаларын орындады.

Олимпиада нәтижесінде сайысымызда І орын БПҚ 211- «Ақиқат» тобы, ІІ орын ХБҚ 211- «Давинчи» тобы және ІІІ орын ХБҚ 111 – «Серотонин» топтары жүлделі орынға ие болды.

Өткізілген олимпиада нәтижесі бойынша білімгерлер жаратылыстану ғылымының маңызды мәселелері бойынша  білімдерін шыңдап, мамандыққа деген қызығушылықтары туындады деген үміттеміз.