Докторанттардың қорытынды педагогикалық конференциясы

2021 жылы 20 желтоқсанда 8D01502 – Физика, 8D01501 – Математика білім беру бағдарламаларының докторанттарына педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ә.Ә. Ақжолова және педагогикалық практикаға жауапты оқытушылар Д.А. Турсынбаева мен К.Б. Ескендировтың жетекшілігімен өткізілді. Конференция барысында докторанттар бакалавриатқа сабақ беру процесі мен сабақ кезінде қолданылған заманауи оқу технологияларының ерекшеліктерін презентация арқылы көрсетті. Соңында докторанттардың есептері бойынша комиссия мүшелерінің қорытынды бағалары айтылды.