Құттықтаймыз!

27.12.2021 күні «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінде 6D0109000 – Математика мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін Жаратылыстану факультетінің (педагогикалық информатика бойынша БББ) оқытушы-дәріскері Забиева Камшат Казбековна «Болашақ математика мұғалімдерінің интеллектуалды қабілетін дамытуға WEB технологияларды қолдану әдістемесі» тақырыбында дайындалған докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Әріптесімізді табысты қорғаумен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!