«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мәселелері және жаңаша көзқарас» атты семинар

Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасы мен Талдықорған қаласының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту  мәселелері және жаңаша көзқарас» атты семинар  ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты —  «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру, ЖОО  мен орта білім беру ұйымдары арсындағы оқу-әдістемелік байланысты жетілдіру.