Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі

18.01 -21.01.2022 жыл аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімі, білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық офисі, үздіксіз білім беру институты мен жоғары мектептердің ұйымдастыруымен педагогикалық шеберліктің Қысқы мектебі өткізіледі.

Негізгі мақсаты университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін арттыру, оқу процесіне жаңартылған білім беру мазмұны мен инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыс мазмұнын жетілдіру болып табылады.

Педагогикалық шеберліктің Қысқы мектебі шеңберінде өткізілетін семинарлар мен шебер-сыныптар барысында семинарға қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу жетістіктерін бағалау, оқу процесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану, виртуалды зертханаларға арналған білім беру ресурстары мен жаппай ашық онлайн курстарын әзірлеу және пайдалану дағдыларын жетілдіреді.