Қысқы мектеп

18.01-21.01.2022ж. аралығында профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар үшін  Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі өткізілді. Қысқы мектепке 160 адам қатысты.

Жоспарға сай барлық іс-шаралар Google Meet платформасында онлайн-конференция форматында өтті.

Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебінің аясында Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру бойынша Финляндияның тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерінің ерекшеліктері, ПОҚ-ның IT құзыреттіліктерін арттыру, оқу процесін цифрлық оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, білім нәтижелерін бағалау, инклюзивті білім беру, т.б. оқыту сапасын жетілдіруге бағытталған тақырыптар талқыланды.

Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, Алматы облысының білім беру мекемелерінің, «Жетісу Дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы, педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жетекші мамандары шеберлік сыныптарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.