Патриотизм

2022 жылдың 11 ақпанында Жаратылыстану Жоғары мектебі «Биология» мамандығының 211 топ білімгерлері мен куратор, оқытушы-дәріскер Т.К.Укушева білімгерлердің отаншылдық қазақстандық патриотизм сезімдерін нығайтуға және ілгерлетуге бағытталған «Патриотизм» атты тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: білімгерлерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Білімгерлер жалпы патриотизм дегеніміз не? Біз қандай үлесімізді тигізе аламыз? т.с.с. сауалдарды талқылап, ойларын ортаға салды. Әр азамат өз Отанын құрметтеу қажет, жүрегім елім деп соққан жастарымыз көбейе берсін!