«БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ ОЙ, ПӘЛІ-АЙ»

Бүгін, 2022 жылдың 9 ақпаны күні,  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  М.Мақатаевтың туған күніне орай «Бүгін менің туған күнім ой, пәлі-ай» тақырыбында филология және  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 – 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ақын өлеңдерін оқудан еркін форматта поэзия кеші өтті. Оқытушы-дәріскер С. Қожағұлов,  шара мақсаты ақын рухына тағзым ету, мұрасын оқып, жаттап, рухани, эстетикалық нәр алу, поэзияны сүюге, қастерлеуге баулу, болашақ мамандарды мәдени, танымдық іс шараларды өткізуге баулу екендігіне баса мән бергендігін айтты. 

Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып,  лирикалық шығармаларына жазылған әндері шырқалып, ой-толғаныс, пікірлер айтылды. Шараға гуманитарлық ғылымда жоғары мектебінің деканы А.Толамисов, филологиялық білім беру бағдарламасы жетекшісі Ш. Қияхметова, «Ілиястану ғылыми практикалық орталығының меңгерушісі М.Иманғазинов, оқытушы –дәріскерлер Г.Сырлыбаева, Ә.Тұрысбекова, Г. Чүкенаева, Б.Рысдаулетова, М. Тұмабаевалар қатысып, Мұқағали поэзиясы туралы ойларын ортаға салып, студенттерге шынайы ризашылығын білдірді.

Кеш соңынан студенттер «Жастар» саябағындағы Мұқағали ескерткішіне гүл қойып, ақын өлеңдерін, өздерінің арнауларын оқыды. Жақсы дәстүр жалғасын табар.