Оқыту семинары

11.02-24.02. 2022 жыл аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімі және жоғары мектептердің ұйымдастыруымен «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және жазбаша бақылау түрлері бойынша емтихан материалдарын әзірлеу жүйесі» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары өткізіледі.

Оқыту семинарларының мақсаты: критериалды бағалау жүйесі, жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізу тәсілі ретінде бағалаудың түрлері туралы қатысушылардың білімдерін жетілдіру.