Семинар

«Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың білімін критериалды бағалау және жазбаша бақылау түрлері бойынша емтихан материалдарын әзірлеу жүйесі» бойынша оқыту семинарларын өткізу бағдарламасының жоспарына сәйкес ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор (доцент) М.Т.Джақыпбекова 2022 жылдың 11 ақпанында «Эссе жазу теориясы мен әдістемесі» тақырыбында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушыларына семинар өткізді. Семинар мазмұнында жазбаша емтихан тапсырмаларын дайындаудың дидактикалық ұстанымдары, эссе жазу талаптары, құрылымы туралы мәселелер төңірегінде оқытушылар тәжірибе алмасты.