Жазбаша емтихан сұрақтарын бағалау және құрастыру проблемалары

2022 жылдың 11 ақпанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамына жазбаша емтихан билеттерін жасау және бағалау ережелерін қалыптастыру мақсатында оқытушы-лектор Ж.Ш. Үзденбаев «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру бағдарламасы бойынша жазбаша емтихан сұрақтарын бағалау және құрастыру проблемалары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында жазбаша бақылау нысандары бойынша емтихан материалдарын дайындаудың тәсілдері, сондай-ақ жауаптарды бағалау бойынша жалпы талаптар талқыланды.